Курс сипаттамасы

Мұғалімдерге арналған

Бұл курс 6 мен 10 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушыларын негізгі алгоритмдік құрылымдармен таныстыруға және Scratch бағдарламалау ортасы негізінде мектеп оқушыларының логикалық қабілеттерін дамытуға арналған.

 

Курстың мақсаты оқушылардың бағдарламалау тілдері, алгоритмдік құрылымдар және орындаушылар туралы түсініктерін дамыту. Оқушыларды Scratch бағдарламалау ортасында жұмыс істеуге үйрету.



Курc тапсырмалары:

Оқу:

Алгоритмдік құрылымдар мен олардың түрлеріне үйрету;
Scratch бағдарламасының интерфейсімен жұмыс істеуге үйрету;
Scrtach ортасында сценарийлік бағдарламалауды үйрету.


Дамытушылық:

Компьютерлік сауаттылық дағдыларын дамыту;
Шығармашылық және логикалық ойлауды дамыту;
Топтық жұмыс дағдыларын дамыту.


Тәрбишілік:

Информатика сабағына қызығушылықтарын арттыру;
Оқушылар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.



Сабақтарды өткізу формалары:

Әңгіме;
Ойын формасы;
Практикалық сабақтар;
Жобалар.

Оқыту әдістері:

Түсіндірме және иллюстративті;
Ішінара іздеу (өзгермелі тапсырмалар);
Шығармашылық;
Практикалық;
Жұппен жұмыс;
Ойын әдістері;
Топтық жұмыс;

Курсты меңгерудің күтілетін нәтижелері

Жеке:

Жеке және топтық оқу қызметін жүзеге асыруға дайындығы;
Алған білімдерін басқа саладағы пәндерге қолдана білу;
Оқу іс-әрекеті процесінде құрдастарымен қарым-қатынас жасау құзыреттілігін қалыптастыру.


Тақырыбы:

Негізгі ұғымдар – «алгоритм», «орындаушы», «бағдарлама», «модель» туралы түсініктерін қалыптастыру;
Сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдерді танып, құра білу;
Scratch бағдарламалау ортасында ойындар, мультфильмдер, презентациялар және басқа жобаларды жасау мүмкіндігі.

 

Курсты жоспарлау Cабақты жоспарлау